Федерацияға жаңа президент келді
Федерацияға жаңа президент келді
Нұр-Сұлтан қалалық фут­бол федерациясы қауымдас­тығында кезектен тыс кон­фе­рен­ция өтті. Жиын нәтиже­сінде олар қалалық фе­дера­ция президентін кезектен тыс сайлады. Танымал футболшы Давид Лория – Нұр-Сұлтан қалалық футбол федерациясының прези­денті. Бұл туралы федерацияның Instagram парақшасында жазба жарияланды. Ендігіде қалалық футболдың даму деңгейін Лория бағамдайтын болады. Давид Лория – ел чемпиона­тының үш дүркін жеңімпазы әрі Қазақстан кубогының иегері. 2006 жылы елдегі үздік ойыншысы атағын алған. Қазақстан, Ресей, Түркия, Швеция клубтарында өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасы сапында 45 ойын өткізген. Ойыншы ретінде мансабын аяқтаған соң, спорт менеджменті мамандығы бойынша білім алған. Қақпашының кандидатурасын қалалық федерацияның экс-пре­зиденті Мәлік Хасенов ұсынған.  

Айбике ЖАНАСЫЛ