Нұр-Сұлтан қалалық футбол федерациясы қауымдастығында кезектен тыс конференция өтті. Жиын нәтижесінде олар қалалық федерация президентін кезектен тыс сайлады. Танымал футболшы Давид Лория – Нұр-Сұлтан қалалық футбол федерациясының президенті. Бұл туралы федерацияның Instagram парақшасында жазба жарияланды. Ендігіде қалалық футболдың даму деңгейін Лория бағамдайтын болады. Давид Лория – ел чемпионатының үш дүркін жеңімпазы әрі Қазақстан кубогының иегері. 2006 жылы елдегі үздік ойыншысы атағын алған. Қазақстан, Ресей, Түркия, Швеция клубтарында өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасы сапында 45 ойын өткізген. Ойыншы ретінде мансабын аяқтаған соң, спорт менеджменті мамандығы бойынша білім алған. Қақпашының кандидатурасын қалалық федерацияның экс-президенті Мәлік Хасенов ұсынған.
Айбике ЖАНАСЫЛ