Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 қосымшасы – азаматтардың өтініштерін өңдеу жүйесіндегі кері байланысты қамтамасыз ететін ең тиімді тәсіл. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Кері байланыстың бұл түрі, әсіресе қазіргі сәтте, сұранысқа ие. Себебі, азаматтардың көпшілігіне өтінішті электронды тәсілмен қалдырған ыңғайлы. «Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға болады.