Итті тірідей өртеген балалар ұсталды
Итті тірідей өртеген балалар ұсталды
© Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
149
оқылды
Алматы облысының полициясы итті тірідей өртеген балаларды ұстады. Естеріңізге сала кетейік, жаға ұстатар қылмыс Алматы облысы Алакөл ауданының Қабанбай ауылында орын алған. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бейнежазба бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды.
"Осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген аталған елдімекеннің кәмілетке толмаған екі жасөспірімі ұсталды. Олар 2004 жылы туған Ш. Және 2005 жылы туған Д. есімді балалар. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекеттегі кінәларын толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл – қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай", - деді Алматы облысы Алакөл ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қуат Оспанов.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.