Қазақстанда 6 облыста үсік жүреді, 3 облыста қатты ыстық болады
Қазақстанда 6 облыста үсік жүреді, 3 облыста қатты ыстық болады
© сурет интернеттен алынды
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 5 маусымда түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Сол күні жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. 5 маусымда Қарағанды қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с жетеді. 5 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Сол күні Петропавлда 1-3 градус үсік жұруі мүмкін. 5 маусымда түнде Ақмола облысыныңн кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. 5 маусымда Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 6-7 маусымда түнде өңірдің солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. 5 маусымда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. 6-7 маусымда түнде өңірдің кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. 5 маусымда Өскеменде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Сол күні Семейде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 5 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде жерлерде 38 градус ыстық болады, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сол күні Ақтауда түстен кейін найзағай ойнап, кешке солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. 5 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. 5 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Сол күні Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 5 маусымда күндіз Түркістан қаласында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. 5 маусымда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.