Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұрғанын айтты.
«Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.Еске салайық, кеше Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы бастама көтеріп, барлық мүдделі тұлғаларды кеңеске қосылуға шақырды.