«Астана» Франция чемпионатының шабуылшысын сатып алды
«Астана» Франция чемпионатының шабуылшысын сатып алды
146
оқылды

Францияда өткізген үш жылда 10 гол соғыпты

Елордалық «Астана» футбол клубы командадан кеткен шабуылшы Джуниор Кабананганың орнына Конго республикасының тағы бір шабуылшысын сатып алды.

Соңғы бір жарым жылды франциялық «Тулуза» сапында өткізген Фирмин Мубеле енді елордалық клубтың бас шабуылшысы болмақ. Ол сондай-ақ Франция чемпионатындағы «Ренн» қатарында да ойнаған. Францияда өткізген үш жылда 10 гол соғыпты.

Ал Конго құрамасының жейдесін 45 мәрте киіп, 9 мәрте мергендігімен танылған. Әзірге «Астана» сапында бір жылдық жалға беру келісімімен өнер көрсетпек. Transfermarkt мәліметінше Мубеленің құны 2,5 миллион еуро.