Түркістанда жаңа университет
Түркістанда жаңа университет
138
оқылды
Түркістанда халық­ара­лық туризм және спорт уни­верситеті ашылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақ­то­ты Райымқұлова мәлім­деді. «Орталық Азияның ежелгі қалаларының бірі – Түркістанда туристік индустрияның кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында халықаралық туризм және спорт университеті ашылады. Жаңа оқу орны Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орында­ры­ның біріне айналуы тиіс. Уни­верситет туризм, спорт, қолөнер және реставрация саласындағы жоғары білікті мамандарды даяр­лайды», – деді Ақтоты Райым­құлова ОКҚ алаңындағы ха­лыққа есеп беру кездесуінде. Сонымен қатар министр Қа­зақстандағы туристік нысан­дардың жұмысын жандандыру туралы да пікір білдірді. Қазір Үкімет жанындағы ведом­ство­аралық комиссия карантиннен кезең-кезеңмен шығуды ұсынып отыр. Туристік нысандардың жұмысы бойынша санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау тәртібі мен аймақтар үшін турис­тік маусымның ашылу алгоритмі бекітілген.