Атақты америкалық боксшы Головкиннен басқа ешкіммен жұдырықтасқысы келмейтінін айтты
Атақты америкалық боксшы Головкиннен басқа ешкіммен жұдырықтасқысы келмейтінін айтты
227
оқылды

Андраде польшалық Мацей Сулецкиді жеңіп, титулын сәтті қорғап қалған

WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде қазақстандық Геннадий Головкинді кезекті рет жекпе-жекке шақырды.

Америкалық боксшы сондай-ақ мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен де жұдырықтасуды қалайды. Еске салсақ, өткен аптада Андраде польшалық Мацей Сулецкиді жеңіп, титулын сәтті қорғап қалған болатын. Бұдан кейін енді ол өзін Головкин мен Альвареске қарсы жұдырықтаса алатын бірден-бір лайықты боксшымын деп санайтынын айтыпты.

«Канеломен» де, Головкин де жұдырықтасқым келеді. Тыңдаңыздар, тап қазір өзге ешкіммен бокстасуды қаламаймын. Деметриус Андраде тек қана Головкин немесе «Канеломен» ғана жекпе-жекке шыққысы келеді. Басқа кездесу туралы мүлде ойлағым да келмейді» депті ол.

Головкиннің өзі қыркүйек айында Сауль Альвареспен үшінші кездесуге шыққысы келеді. Әзірге бұл тұрғыдағы келіссөздер соңына жеткен жоқ.