Экологиялық мәдениетті қалай қалыптастырамыз?
Экологиялық мәдениетті қалай қалыптастырамыз?
Айтжан МҰРЗАНОВ (фото)
861
оқылды
Қазақстан мен Ресейде әр жыл сайын 5 маусымда экологтар күні аталып өтіледі. Дәл осы күні дүниежүзінде қоршаған ортаны қорғау жайы да айтылады. Бірақ Қазақстанда экология мәселесі қанша айтылғанымен, түйткіл шешіле қойған жоқ. Біз көбіне тұрмыстық қал­дықтардың көлемін айтумен шектелеміз. Ал эколо­гия­лық мәдениетті қаншалықты қалыптастыра алдық? Осы күні Қазақстанда 47 млрд тонна қалдық бары анықталған. Оның 300 млн тоннасы радиак­тивті, яғни адам өміріне аса қауіп­ті. 9 млрд тонна улы қалдықты та­ғы қосыңыз. Қарапайым жа­нуар­лар қиының өзі 122 млн тон­надан асады. Жыл сайын ел аума­ғында қоқыс 1 млрд тоннаға кө­бейіп жатыр. Өзенді ластап жат­қан кәсіпорындар жетерлік. Одан бөлек далалық жерге төгілген 6,2 млн тонна мұнай қалдығы бар. Оған мұнай компаниялары жы­лына 400 мың тонна қалдықты үстемелеп жатыр. Қазақстанда сұ­рыпталмаған қоқыстың 90 па­йызы жерге көміле салады. Ал біз қызыға айтатын дамыған елдерде жалпы қоқыстың 98 пайызы өң­де­ліп, қалғаны өртеледі екен. Ай­налып келгенде, бұл мәселе адам­дардың экологиялық мәде­ниеті төмен бе деген ойға жете­лейді. Сол себепті біз экологиялық мәдениет турасында эколог ма­ман­­дардың пікірін білген едік. Қо­ғам арасында оны қалып­тас­тыру үшін қандай шаралар атқарған жөн?    width=Мұсағали ДУАМБЕКОВ, Халықаралық экология академия­сының президенті,  профессор: – Қалдық­тар­дың жай-күйі бел­гілі. Ең қор­қы­ныштысы – ра­диактивті қо­қыстың көбей­гені. Өзендерді ойлайтын кәсіпорын жоқ. Кез келген кәсіпорын қалдығын өңдейтін зауыт салуы тиіс. Бірақ оған қыруар қаржы керек. Сон­дықтан оларға зауыт салғанша, өзендерді ластағаны үшін айып­пұл төлегені арзанға түседі. Бұл бірінші кезек басшының эколо­гиялық мәдениеті төмен деген сөз. 2007 жылы 11 қаңтарда қа­был­данған Экологиялық кодекс кәсіпорындарға жеңілдік болды. 2017 жылы осы кодекске 63 то­лықтыру енгіздік. Қазір заң жо­басы әзірленіп жатыр. Егер қа­былданса кәсіпорындарға айып­пұл 10 есе көбейеді. Басшысына бөлек айыппұл салынады. Осыдан кейін олар ойлануы тиіс. Экологиялық мәдениет бала кезден қалыптасқаны жөн. Әлем­дік тәжірибеге қарайтын болсақ, Оңтүстік Кореяда балаларға са­баққа барып-қайту үшін арқасына сыпырғы мен қалақ байлап қояды екен. Жол жөнекей қоқыс көрсе тазалауға міндетті. Германия ма­мандарымен кездескенде олар ересектерге қоқыс сұрыптауды үйрету қиын болғанын айтты. Ол үшін мынандай амал қолданған. Қоқыс жәшіктерінің жанына бей­некамера қойып, ереже бұзған­дарға айыппұл салыпты. Сұрып­тал­маған қоқысты көліктер алмай кеткен. Ақыры жағымсыз иістен кейін тұрғындар 2-3 есе көп қар­жыға көлік жалдап, өздері таза­лайтын болған екен. Сондықтан бұл әдістердің бәрін сүзгіден өт­кі­зіп, бізге де енгізге бастаған жөн.    width=Бағлан МАХАМЕДОВА, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Экология кафедрасының профессоры: – Қазіргі эко­логиялық ахуал тағамға, таби­ғат­қа залалын тигі­зіп отыр. Қоқыс­ты өң­деу жайлы жиі айтылып жа­тыр, бірақ экологиялық мәдениет қа­лыптаспаған соң мәселе шешіле қоймады. Тіршілік бар жерде қоқыс болатыны сөзсіз. Бірақ сол қоқыс­ты сұрыптай алмаған қиын. Қоры­та айтқанда тәрбиенің негізі мен мектеп қабырғасында қор­ша­ған ортаны қорғау жайлы үй­рете баста­ғаны жөн. Бұл істі Білім жә­не ғы­лым министрлігі қолға алуы тиіс. Бірақ Тәуелсіздіктен кейін эко­логияның күрделі мәселеге ай­наларын білген жоқпыз. Мы­салы, пандемия кезінде Алматы­ның өз­гергенін көрдік. Эколог­тарды таң­ғалғаны жасырын емес. Эко­ло­гиялық мәдениетті айтар алдында, елдегі экологтардың бі­ліктілігі қай деңгейде деген сұрақ тағы туын­дайды. Әуелі осыны нақтылап ал­ғанымыз жөн. Бұл енді тағы бір бө­лек тақырыптың тиегін ағытады.  

 width=Мадияр ТӨЛЕУ