Ерсі қылықты қыз
Ерсі қылықты қыз
фото: ашық дереккөз
308
оқылды
Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желісіндегі парақшасында қайтыс болған десантшы ескерткішіне аяғын қойып, ерсі қимыл көрсетіп тұрған суретін жариялады, - деп хабарлайды  Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасы. Қаза тапқан десант-жауынгерлерге арналған ескерткіш Оңтүстік Қарағанды облысының ауылында орнатылған. 22 жастағы қыз Қарағандыдан ауылға туысына қонаққа келген. Полиция қыздың бұл суретіне назар аударды. "Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері Қарағандының 22 жастағы тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта оған қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал қаралып жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.