383 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр
383 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр
123
оқылды
Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Мақтаарал ауда­нындағы облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөнін­дегі жетекшісі Ғани Рысбеков, «Nur Otan» партиясының Түр­кіс­тан облыстық филиалы төра­ғасының бірінші орын­ба­са­ры Бейсен Тәжібаев, аудан­дық партия өкілдері, су тасқы­ны­нан зардап шеккен ауыл округ­терінің әкімдері, құқық қорғау органдары мен аудан­дық әкімдіктің идеология бөлімінің басшылары мен ма­мандары қатысты.  Жиында сөз алған облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жө­ніндегі жетекшісі Ғани Рысбеков су тасқынынан зардап шек­кен тұрғындардың өте­мақы­ларын тездетіп төлеу, олардың жағдайын жақсарту, тұрғын үй салу кезіндегі қиындықтарын еңсеру, Өргебас, Фирдоуси ауыл­да­рындағы қалыпқа келтіру жұмыстарына қолдау білдіру жөніндегі жұмыстарды ширату керек екеніне тоқталды. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары су тасқынынан зардап шеккен тұр­ғындардың өтемақыларын төлеу жұмыстарына білікті мамандарды тарту керегін, халықпен тығыз бай­ланыс орнату, түсіндіру шараларын ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті. Бұдан соң арнайы топ Мыр­закент маңында бой көтеріп жат­қан жаңа шағынаудандағы құры­лыс жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 193-і үкіметтік резервтің қаржы­сына, 190-ы қорлардың есебінен бой көтеруде. Соның ішіндегі 20 үй «Nur Otan» партиясының үйлес­тіруімен Birgemiz қорының қол­дауымен салынуда. «Nur Otan» пар­тиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев құрылысшылармен тілдесіп, құрылыс басындағы жағдайды біліп қайтты. Қазіргі таңда жаңа шағы­нау­данда 188 үйдің іргетасы құйы­лып, 73-інде қабырға көтеру жұмыстары басталды. Сондай-ақ екі үйдің шатыры жабылуда. Құ­рылыс жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіліп жатыр. Үй салуға қажетті техникалар мен құрылыс материал­дарынан тап­шылық жоқ.  

Әбілмансұр ЖАСАН