Маска үшін төбелес
Маска үшін төбелес
фото: ашық дереккөз
286
оқылды
Осының салдарынан орталықта жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Төбелеске сауда орнында жүрген өзге адамдар да араласты. «Аталған сауда үйіне келуші медициналық маскасыз келгені үшін күзетшіден ескерту алған. Содан кейін олардың арасында жанжал туындаған», – деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, төбелесті күзетшіден ескерту алған адам бастаған. Содан кейін жанжалға басқа да жастар қосылып кеткен. Оқиға куәгерлердің ұялы телефондарының бейнекамераларына түсіп қалған. Олар қазір әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. Кадрда күзетшіге үш жас ер адамның жабылып жатқаны көрсетілген. Содан кейін күзетшіге жас жігіт рациямен көмекке келіп, төбелесушілерді арашалап алған. «ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деді Ж. Белялова.