Қазақстаннан көлікті заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
Қазақстаннан көлікті заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
фото: ашық дереккөз
156
оқылды
Қазақстаннан көлікті жүкке жасыру арқылы заңсыз шығармақшы болғандар ұсталды, - деп хабарлайды  ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. Оқиға 5 маусымда болған. Шекарашылар жүкке жасырылған автокөлік құралдарын Қырғызстанға заңсыз өткізгісі келгендерді ұстады.
"Айша бибі" өткізу пунктінде ағаш материалдары бар жүк автомашинасы тексерілді, онда жүктің арасында ілеспе құжаттары жоқ екі "Дэу" және "Хюндай" маркалы жеңіл автомашина жасырылған", - делінген хабарламада.
Ұсталған автомобильдер Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. Өткізу пунктінде осыған ұқсас жағдай екінші рет қайталанып отыр.