Атыраудан Шымкентке әуе рейсі ашылуы мүмкін
Атыраудан Шымкентке әуе рейсі ашылуы мүмкін
фото: ашық дереккөз
199
оқылды
Атырау халықаралық әуежайынан Шымкент қаласына қатынайтын әуе рейсі ашылуы мүмкін. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алғашқы кезекте «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. «Екі қала арасындағы әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады деп күтілуде. Өйткені, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен FlyArystan авиакомпаниясы арасында келіссөз басталды. Мақсат – жолаушыларды қолжетімді авиабилетпен қамтамасыз ету»,- деп хабарламада. Тараптар келісімді талқылап, ортақ мәмілеге келсе, Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейсін бастау туралы келісімшартқа қол қою жоспарлануда.