Түрік сериалында қобыз тартқан қазақ
Түрік сериалында қобыз тартқан қазақ
314
оқылды
Түркияның «Османның құрылуы» сериалында домбыра мен қобыз шерткен екі адамның видеоүзіндісі facebook-та шарлап кеткен болатын. Түріктің әйгілі актеры Бурак Өзживит басты рөлді сомдайтын сериалда қобыз тартып отырған жігіт – жаңақорғандық Ержан Арқабай.   [caption id="attachment_49345" align="alignnone" width="800"]Ержан Арқабай фото: ашық дереккөз[/caption] Ержан Арқабай Түркияға 2014 жылы магистратурада оқу үшін барған. Бір жыл өткеннен кейін Коньядағы Неджиметтин Эрбакан университетіне түсіп, «халық музыкасы» бөлімін былтыр бітірген. Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Ержан Түркияда жүрген кезде Арсланбек Сұлтанбеков атты ноғай азаматымен танысады. Арсланбектың ол тұста «Домбыра» атты өлеңі Түркияда біршама танымалдыққа ие болып тұрған кез. «Домбыра» әнін саяси партиялардың өкілдері, тіпті «Фенербахче» футбол клубы да алаңға шырқап шығып жүрген шақ. Ержан да қазақтың тарихи күйлерінен құралған Dijital альбомын жарыққа шығарған. Ал Ержанды тарихи сериалға түсуге «Bozdağ Film» киностудиясы шақырған.  2019 жылы аталған киностудияның тапсырысымен 12 әннен тұратын альбом жазылған. Альбомға Сүгірдің термесі де енгізілген.
«Биыл Қазақстанда болған едім. Арсланбек ағамыз қайтадан Түркияға шақырып алды. Енді қазір бірлесе жазған альбомның клиптерін түсіріп жатырмыз. Өткенде Жүніс Әміренің «Жалған дүние» атты өлеңіне, одан кейін Ыстанбұлдың алынуына байланысты клипті де жарыққа шығардық. Телесериал жұмысына осылай бірте-бірте келдік. Альбомда «Осман бей» атты ән бар. Негізі ол әннің түпнұсқасы Асекеңнің өз туындысы «Қосай» деп орындап жүрген болатын. Ақыры осы өлең телесериалға енгізілді. Өлең қобыз және домбырамен, сондай-ақ ұрмалы аспаптармен орындалды», - дейді Ержан Арқабай.
  [caption id="attachment_49344" align="alignnone" width="800"]Ержан фото: ашық дереккөз[/caption] Ержан мен Арсланбек «Османның құрылуы» сериалына Осман бейді ұлықтау тойына арнайы шақырылған жырау ретінде қатысады.