Елордаға Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу қарқыны қандай?
Елордаға Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу қарқыны қандай?
фото: ашық дереккөз
1 маусымнан бастап Қазақстанға Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу басталды. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы төрт күннің ішінде 60-қа жуық көліктің иесі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген.. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, мұндай көлігі бар адамдарға қай аймақтан екені көрініп тұратын 01 нөмірі мен «А» әріптік символы бар, сары түсті фондағы мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі. Сонымен қатар көлікке «Көлік құралы басқа адамның атына тіркеуге жатпайды» деген белгі қойылады. Жаңа тіркеу нөмірімен автокөліктер Қазақстанның ішінде де, шетелде де салығын төлеп, техникалық тексерістен өтіп, еркін жүре алады. «Үкіметтің қаулысына сәйкес көлікті тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды. Оның ішінде 695 теңге (0,25 АЕК) – көлікті тіркегені, 3473 теңге (1,25 АЕК) – техникалық құжат, 7778 теңге (2,8 АЕК) мемлекеттік нөмір үшін алымдар. Армения Республикасынан жеткізілген көлікті тіркеу үшін 20-40 көшесіндегі мамандандырылған ХҚО-ға бару керек», - деп түсіндіреді департаменттен. Көлікті тіркеуге қатысты сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасының (сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін) 53-27-74,71-69-77, 53-22-70, 776-124-20-33, 777-717-00-05 нөмірлері бойынша Call-орталығына хабарласуға болады.