«Балдәурендегі» домбыра күні

«Балдәурендегі» домбыра күні

«Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2017 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Жылына 16 ауысым өтеді. Оқу-сауықтыру орталығы еліміздің түкпір-түкпірінен келетін 300-ге жуық баланы қарсы алады. Қазір орта­лық «STOP кадр» киносүйерлер мен цирк артисте­рі фестивалі атты 8-ауысымды қарсы алған. Орталықта жас актерлер, цирк өнерпаздары, жас блогерлер, журналистер мен оқу озаттары демалып жатыр.

Ауысым барысында түрлі мере­ке­лік іс-шара өткізілді. Мысалы, «Киномандар» атты танысу кеші, топ визиткасын қорғау кеші, «Жастар» педагогикалық тобымен танысу ән-би кеші, «Бизнес сити» ойыны, «Көгілдір от! Камера стоп! Түсірілді!» театрлық фарс қойы­лым сайысы, «Балдәурен ереже­лері» вайн байқауы, «Балалар ой­най­ды, біз ойнаймыз» залмен музы­калық ойын байқауы, «Цирк ала­ңы», чирлидинг байқауы өтті. Астана күніне орай «Нұр-Сұлтан – 2050» архитектуралық макеттер байқауы, мерекелік концерт ұйым­дастырыл­ды. Сондай-ақ орта­лық­та Домбыра күніне айрықша мән берілді.

2018 жылы Елбасы шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлт­тық домбыра күні болып жария­ланды. «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мерекені жоғары деңгей­де атап өтті. 300-ге жуық бала флеш­мобқа қатысып, домбыра фигура­сын жасады. Кешкі салта­нат­та демалушылар орталық­ты күймен тербетті. Ұлттық аспапта бірнеше күй тартылып, дәстүрлі ән әуеледі. Іс-шара мақсаты – бала бойына ұлттық тәрбие беріп, рухани дамуға жол ашу.

Сонымен, қатар ауысым бары­сында журналистика мен блогер­лікке қызығатын балаларға арнал­ған арнайы шеберлік сыныптары өткізілді. Нәтижесінде, балалар мақала жазып, видеоблог пен фотосурет түсіруді үйренді. «Менің тобымның ерекшеліктері» атты инста пост байқауы өтіп, жеңімпаз­дар анықталды.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ