Министр Балаева әлеуметтік роликтерге қатысты пікір білдірді
Министр Балаева әлеуметтік роликтерге қатысты пікір білдірді
фото: ашық дереккөз
179
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік роликтерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстан зайырлы мемлекет және Конституция елдің барлық азаматына бірдей құқық берген және олардың ар-намысын құрметтеуге кепіл берген. Бұған әлеуметтік желілерде біреудің ар-намысына тиетін видеоларды мысал келтіруге болады", - дейді Балаева.
Министр контент толтыруда мұқият болу керегін және мемлекеттің басты мүдделерін ұмытпау қажет екенін айтады.
«Әкімдік жанында арнайы жұмыс тобы құрылуы керек деп ойлаймын, олар роликтерді БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде тарату алдында зерттеу жүргізуі керек болады», - деп жазды министр facebook парақшасында.
Еске салайық, мұның алдында желіде қысқа белдемше киген қыздың видеосы тарап, қолданушылар арасында дау туған еді. Көбі қандай киім киіп, қалай жүру керегін әр адам өзі білетінін айтса, басқа біреулер видео авторын сынға алып жатыр. Кейінірек Шымкент жастар рерурсы орталығының мамандарды видеоға пікір білдірген еді. Айта кетейік, бұл видео қазір YouTube хостингінен өшірілген.