Ливан астанасы Бейрутте ереуіл соңы тәртіпсіздіктерге ұласты, - деп хабарлайды "Хабар24". Дереккөз мәліметінше, мыңдаған адам парламент алдына жиалып, ғимаратты талқандаған. Артынша полицейлерге тас жаудырған. Ал тәртіп сақшылары оларға қарсы көз жасаурататын газ қолданған. Тәртіпсіздіктер салдарынан қос тараптан 50-ге жуық адам жарақат алған. Жұрт сайлау өткізіп, жаңа үкімет құруды талап етіп отыр. Жалпы мұнда үкіметке қарсы ереуілдер өткен жылдың күзінде басталған еді. Бұған биліктің мессенджерлер арқылы қоңырау шалуға салық салу бастамасы түрткі болған. Артынша шара жемқорлыққа қарсы ауқымды ереуілдерге ұласып кеткен. Осыған байланысты премьер-министр қызметінен бас тартты. Алайда халықтың наразылығы әлі басылмай тұр.