Қаныңыз қай топқа жатады? – Коронавирус жұқтұруға бейім азаматтар анықталды
Қаныңыз қай топқа жатады? – Коронавирус жұқтұруға бейім азаматтар анықталды
197
оқылды
COVID-19 дертін әдетте қаны екінші топқа жататындар жиі шалдығады. Бұл туралы Life порталы хабарлады. – Індет жұқтырғандардың көпшілігінің қан тобы – екінші. Осы топтағылар басымдыққа ие. Екінші орында – бірінші және үшінші қан тобындағылар. Төртінші топтағылар сирек кездеседі, – деді Ресейдің  Федералды медициналық-биологиялық агенттігінің басшысы Вероника Скворцова. Маманның айтуынша, антиденелері бар плазмамен емдеу барысында пациент пен донордың қан тобы бірдей болуы шарт.

Айта кетейік, соңғы 7 күнде Қазақстан бойынша 1386 адам коронавирус індетін жұқтырды. Сондай-ақ 1731 азамат аталған дерттен емделіп шықты. Ауырғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының тұрғындары.  Астанада 427 адам тіркелсе, Алатау баурайында 203 адам сырқаттанған.