Кәсіпқой боксқа ауысқан Азия чемпионы
Кәсіпқой боксқа ауысқан Азия чемпионы
©Сурет интернеттен алынды
Боксшы Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы карьерасын бастайтыны жайында Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
– Мен құрамадан кеттім. Кәсіпқой боксқа ауысамын, – деп жазды боксшы.
Бек Нұрмағанбеттің әуесқой бокста Азия чемпионы атағы бар. Өткен жылы ол 81 келі салмақта алтын еншіледі. Ол Екатеринбургте (Ресей) өткен әлем чемпионатына қатысуы тиіс еді. Бірақ жарақатына байланысты турнирге бара алмады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев оның орнына Бекзат Нұрдәулетовті ауыстыруына тура келді.