Бұл азаматты Атырау облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірге өткізген жедел-іздестіру операциясы кезінде тұтқындалған еді. «Күдіктінің жасы 32-де. Тексеру кезінде оның теріс діни ағымның өкілі екені анықталды. Одан синтетикалық есірткі заттары, тыйым салынған діни әдебиеттер, қолдан жасалған жарылғыш заттарды дайындауға қажетті компоненттер тәркіленді», -деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Теріс діни ағымның өкілі қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы және 256, 174-баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.