7 маусымда Өзбекстанда коронавирус жұқтыруға қатысты рекорд көрсеткіш тіркелді. Бір тәулікте індет жұқтырған 237 азамат анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, Өзбекстанда 237 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы, індет расталғандар саны 4 331-ге жеткен екен.
Жаңадан вирус жұқтырғанның барлығы карантиндегі бақылау орталығында анықталған. Олардың 70 пайызға жуығы Ташкент қаласындағы карантиндегі азаматтар екен.Бүгінде елде 17 науқас қаза болған. Қазіргі уақытта республика аумағындағы ауруханаларда 960 науқас емделіп жатыр.