Саунадағы судьяның әдеп кодексін бұзғаны расталды
Саунадағы судьяның әдеп кодексін бұзғаны расталды
©Сурет интернеттен алынды
Мамыр айының басында әлеуметтік желіде Алматы облысының аудандық сот төрағасы саунада демалып жатқан видеосы тарай бастады. Видеода сот төрағасынан бөлек тағы төрт ер адам бар, оның бірі - прокурор Саян Шалғымбаев. Видео жарияланғаннан кейін ол жұмыстан босатылды. Ал Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов ішкі аудит жүргізу кезінде Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.Сейітовтің жұмысын тоқтатты. Комиссия ұсынылған материалдарды қарап шықты. Комиссия Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.З. Сейітовтың судья әдебі кодексін бұзғанын анықтады. Сейітовтің ісі Алматы облыстық сотының жалпы отырысына қарау үшін жолданған. Бұдан әрі Жоғарғы Соттағылар судьялардың тәртіптік жауапкершілікке қалай тартылатынын және жағымсыз себептермен қандай жағдайда жұмыстан шығарылатынын түсіндірді. Бұл процесс бірнеше саты бойынша жүреді. Біріншіден, Судьялардың әдеп жөніндегі комиссиясы сот этикасында қандай-да бір заңбұзушылықтың бар-жоғын тексереді және қорытынды жасайды. Егер комиссия тәртіп бұзушылықтарды анықтаса, облыстық соттың барлық судьяларының қатысуымен жалпы отырыс өткізіледі. Онда олар судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы Сот алқасына жіберу мәселесін жасырын дауыс беру арқылы шешеді. Сонымен бірге судья Судьялар алқасының Жоғарғы Сот Кеңесінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешіміне шағымдануға құқылы және тек осыдан кейін Жоғарғы Сот Кеңесі түпкілікті шешім қабылдауға құқылы. Бұл жөнінде Жоғарғы сот zakon.kz сайтының ресми сауалына жауап берген екен.