Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауаншы, қария ауласында құрамында есірткі бар өсімдікті көп мөлшерде өсірген. Оның үйін тінту кезінде көкнәр тәріздес 4 730 түп есірткі өсімдігі табылып, тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, құрамында есірткі бар көкнәр түптерінің жалпы салмағы 205 келіден асқан. Ал ал кептірілген көкнәрдің салмағы – 12,5 келі. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі «құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді. Аталған бап бойынша үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырылады. Қазір күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктінің есірткіні не себеппен өсіріп, сақтағанын анықталып жатыр.