Елордада митинг өткізуге болатын жерлер анықталды
Елордада митинг өткізуге болатын жерлер анықталды
©Сурет интернеттен алынды
Құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылған екен. Онда елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылып отыр.
  • Біріншісі - аумағы 4 380 шаршы метрді құрайтын, 1000 адам сиятын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ.
  • Екіншісі - мың адам сыятын, аумағы 2 064 шаршы метрді құрайтын «Астаналық цирк» жанындағы алаң.
  • Үшіншісі - аумағы 1 695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы, Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам еркін сыяды.
  • Шеру өткізуге арналған төртінші бағыттың ұзындығы - 2055 метр. Бағыт Абай даңғылы мен Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесіне дейін жалғасады. Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.