8 маусымнан бастап Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына жаңа код беріледі
8 маусымнан бастап Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына жаңа код беріледі
Бүкіл әлем бойынша әуежайларға бір рет және тұрақты негізде код беру жөніндегі IATA қағидаларына қарамастан, қазақстандық тарап бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізді. Өйткені, IATA өкілдерімен бірлесіп әуежайлардың кодтарын тағайындау және өзгерту бойынша шешім қабылданған.
Нәтижесінде, 8 маусымнан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайына NQZ жаңа коды берілед. Енді барлық брондау жүйелерінде, отырғызу талондарында, багаж биркаларында және ақпараттық таблода осы белгі көрсетілетін болады.