Павлодарда есірткі әзірлейтін зертхана табылды
Павлодарда есірткі әзірлейтін зертхана табылды
177
оқылды
Бұл іс ҚР ҰҚК-нің Павлодар облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында анықталған. [caption id="attachment_49507" align="alignnone" width="1024"]есірткі ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Павлодар тұрғыны «гидропоника» әдісін қолданып есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан.

Олардың мәлімдеуінше, биыл 25 мамырда жалға алынған гаражда тиісті құралмен жабдықталған есірткі зертханасы табылды. Онда қолдан өсірілген «голланд» және «мексика» сорттарының 28 элиталық қарасора түбі табылды. Оның нарықтық құны – шамамен 14 млн теңге. Сондай-ақ сатуға дайындалған дәрілік заттар да шыққан.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі, яғни «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың баламасын сату немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» жөнінен сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді. Тәркіленген заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалп, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.