Алматыда 6 өнеркәсіптік паркі ашылады
Алматыда 6 өнеркәсіптік паркі ашылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда құрылысшылар жобалық жұмыстарды аяқтап, учаскелердегі құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісуді жоспарлап отыр. Өндірістік үй-жайлардың жалпы ауданы – 28 мың шаршы метр. Онда құрылыс, жиһаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында 70-ке жуық өндіріс орналасады. 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Өндірістік үй-жайлар шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдікті шарттармен: девальвациялық тәуекелдерге қарамастан, 5-7 жыл мерзімге бекітілген жалдау мөлшерлемесі бойынша беріледі. Жалға алу құны – 1 шаршы метрге 1000-1200 теңге. Сатып алу құны – 1 шаршы метрге 145 мың теңгеге дейін.
Алматы қаласының Индустриалдық аймағы аумағындағы шағын өнеркәсіп паркіне қатысуға 56 компания қызығушылық танытып отыр.

Мухаммед ӘМІРЖАН