«Қамбаш» демалыс орнының жұмысы тоқтатылды. Балалар сауықтыру лагерлерін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді. «Сондай-ақ, ұжымдық, отбасылық туған күн, дәстүрлі, әдет-ғұрып шаралары секілді жиындарға, оларды мейрамханада өткізуге тыйым салу жалғасады. Компьютерлік клубтар, мото және лото кеңселер, бильярд клубтары, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға алу қызметі, балалар ойын алаңдарының қызметіне шектеу жалғасуда. Санитарлық талаптардың сақталуы мобильдік топтардың рейдтері мен полиция қызметінің әскери бөлімдердің сарбаздарын тарта отырып патрульдеу арқылы күшейтіліп отыр», - деп мәлімдеді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова. Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 465 адам бар. Оның ішінде 291 адам сырқатынан жазылып шықты.