Нұр-Сұлтан қаласындағы Құрлық әскерлернің әскери қызметшілері Мәскеуде өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеруге қатысуға дайындалуда. Шараға қазақстандық әскери қызметшілер ресейлік тараптың шақыруымен қатысады. [caption id="attachment_49545" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта үш жаяу шеру есебі құрылды. Олардың екеуі десанттық–шабуылдаушы әскерлер бөлімшелерінің құрамынан, біреуі – Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттары. 24 маусымдағы парадқа қандай есепте қатысатыны 8 маусымда өтетін соңғы дайындықта анықталады.«Олар барлық санитарлық-гигиеналық талапты сақтайды. Күніне үш-төрт рет температуралары өлшеніп, басқа да мәселелер шешіледі. Бізге Қызыл алаңдағы парадқа қатысып, елімізді көрсету өте маңызды. Дайындық өте жақсы жүріп жатыр», - дейді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов. [caption id="attachment_49546" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Дайындық карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, дезинфекциялық-санитарлық режим күшейтілді. Қазір күніне кемінде екі рет жеке құрамды медициналық тексеру, өңдеу, ылғалдандыру және желдету жүргізіледі. Парадқа қатысатын әскери қызметшілер қалған жеке құрамнан оқшауланған. Оларға бөгде адамдар мен туысқандарының баруы шектелген.