Алакөлдегі демалыс орындар әлі санитарлы-эпидемиологиялық нормаларды сақтар емес

Алакөлдегі демалыс орындар әлі санитарлы-эпидемиологиялық нормаларды сақтар емес

Тексеру барысында тіркелген 175 демалыс орынның 59 ғана  орындаған екен. Қалған 116-сы әлі дайындық жұмыстарын бастамаған да екен. 13 маусымнан бастап қазақстандықтарға Алакөл жағалауына демалуға рұқсат берілген. Алайда демалыс орындары негізгі шартты орындауы тиіс. Ол - барлық санитарлы-эпидемиологиялық нормаларды сақтау. Бірақ тексеру барысында олардың басым көпшілігі бұл шартты орындамаған болып шықты. Еске салсақ, көлге келген демалушылар жедел тест тапсырып, демалыс орындарына нәтижесін көрсетуі керек. Бір отбасынан бір адам тапсырса да жеткілікті.