Жаңа Зеландияның ауруханаларында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қазір елде COVID-19 жұқтырған тұрғын жоқ, - деп хабарлайды Xinhua. Елде коронавирус жұқтырудың соңғы дерегі тіркелгеннен бері 17 күн өткен.