Орта Азиядағы үздік мекеме
Орта Азиядағы үздік мекеме
208
оқылды

Жарты жылда газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» жарты жылдағы жұмысын қорытындылады.

«ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Шәріпбаевтың айтуынша, компанияның табысты жұмысты «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп атқарып отыр.

– Газ тасымалдау жүйесінің техникалық қуатын ұлғайту, әртараптандыру және тауарлық газ үшін жаңа транзиттік маршруттарды құру  жөніндегі Ұлттық оператордың бастамалары қолдау тауып, қаржыландырды. Толықтай жаңғыртылған, жоғары технологиялық отандық газ тасымалдау жүйесі транзиттік газ ағынын әртараптандырып қана қоймай, елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете отырып, олардың көлімдерін ұлғайтуға да қабілетті, – деді Қайрат Шәріпбаев.  

Кіріс 1 триллион теңгеден асады. Ұлттық оператордың таза пайдасы – 170,2 миллиард теңге. Былтырмен салыстырғанда 100 миллиард теңгеге немесе 140 пайызға артық.

Ішкі нарыққа газ жеткізу операцияларынан келген шығын көлемі – 62,6 миллиард. Ұлттық оператор отандық тұтынушыларға өзіндік құнынан төмен бағада газ өткізеді және ол шығыстарды газды экспорттау есебінен өтеп отыр.   

«ҚазТрансГаз» – елдегі ең ірі салық төлеуші. Осы есепті кезеңнің өзінде ғана 56 миллиард теңгеден астам сомаға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер төленді.

Осы жылдың бірінші жарты жылдығында газ өткізу көлемі – 11,6 миллиард текше метр. Оның ішінде ішкі нарыққа газ өткізу көлемі – 7,3 миллиард текше метр. Экспортқа газ өткізу – 4,3 миллиард текше метр.

Қайрат Шәріпбаевтың айтуынша, тұрғындар мен өнеркәсіптің табиғи газды тұтыну көлемінің тұрақты өсуіне, сондай-ақ ішкі нарыққа газ жеткізу операцияларының аса қомақты шығындарын (жылына 120 млрд теңге) жабу үшін және газ экспортының көлемдерін (жылына шамамен 10 млрд м3) ұстап тұру қажеттілігіне байланысты еліміздегі табиғи газдың ресурстық базасын арттыруды көздеп отыр.

Ұлттық оператор – Орталық Азиядағы газ ағынының маңызды әрі технологиялық тұрғыдан ең қуатты көшбасшы. «ҚазТрансГаздың» жылдық өткізу қабілеті 224 миллиард текше метрге дейін болатын 19 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырларын және ұзындығы 47 мың шақырымнан астам газ тарату желілерін пайдаланады.