Үш өңірде ескерту жарияланды
Үш өңірде ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
122
оқылды
«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты үш өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, 9 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с болады. 9 маусымда Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Шаңды дауыл сақталады. 9 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с болады.