Nur Otan-ға кез келген уақытта хабарласыңыз – Партия СҚО тұрғынына көмектесті
Nur Otan-ға кез келген уақытта хабарласыңыз – Партия СҚО тұрғынына көмектесті
176
оқылды
Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық филиалындағы қызметкерлері Смирново ауылында болған қызық жағдайды баяндап берді. ­ Олар «Birgemiz» қоры бөлетін 50 мың теңгені алуға тиіс мұқтаж жандардың тізімін жасаған кезде сол тізімге Жамал Хамитқызы да ілінеді. ­ Зейнеткердің еспепшот нөмірі қате болып шыққан. 2 жыл бұрын Жамал зейнетке шыққан кезде банктік картасын алмаған, сол себепті картасы бұғатталып қалған. Бірақ зейнетақысы ай сайын түсіп отырған. Ал, зейнеткер осы уақыт аралығында қой өсіріп, май сатып шаруашылықтың арқасында күн көрген. ­ «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасы Рүстем Божатовқа зейнеткерді қолынан жетектеп апарып, банк картасын жаңадан алып беруге тура келген. ­ «Картаны қайтадан алу үшін SMS хабарлама келетін телефон қажет, ал телефон Жамалда бар, бірақ ол оны өшіріп тастап қолданбағалы жарты жыл уақыт болған. Қысқасы, ол «Nur Otan» - ға келді, біз оның нөмірін қайта қосып, картасын қайта іске қосып беріп, оны қалай пайдалану керектігін үйреттік. Енді ол зейнетақысын өзі ала алады. Қордан бөлінген 50 мың теңге оның картасына түсіп те үлгерді», - деп ағынан жарылды Болатов. ­ Жамал Хамитқызы жинақталып тұрған қаражатты жұмсайтын жерді бірден таба қойды. Осы жылдың қаңтар айында анасы қайтыс болған, Жамал бұл қаражатқа анасының басына ескерткіш қоятын болды. Сол үшін ол өз есепшотынан 200 мың теңгені бірден шешіп алды. ­ Содан кейін ол партиялықтарға көрсеткен көмектері үшін шын жүректен алғыс айтып, қысылмай, кез келген уақытта «Nur Otan»-ға хабарласыңыз деген Рүстем Божатовтың нөмірін жазып алды. ­