Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмамғамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талабын күшейтуге қатысты сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі алдымен еліміздегі коронавирусқа байланысты жағдайды кейін өңірлерді жағдайды бағалайды. Мамандар тек қана аурудың өсімін ғана емес, нысандардағы карантин талабының сақталуы, тұрғындардың масканы тағуы, арақашықтықты сақтауы, науқастардың саны және тағы басқа жағдайды ескереді.
"Әзірше Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талабын күшейту мәселесі жайында сөз болған жоқ. Алайда егер жоғарыда аталған талаптар сақталмаса, бұл "тепе-теңдіктің" бұзылуына әкеледі, карантин талабы қайта күшеюі мүмкін", - дейді Айжан Есмамғамбетова.Сондай-ақ, еліміздің бас санитар дәрігері белгілі бір қала немесе аймақта карантин талабын күшейту туралы шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдайтынын атап өтті. Олардың шешімі бойынша өңірдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде сауда орталықтары, кафелер және басқа да объектілер қайта жабылуы мүмкін.