Енді Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірістен шыққан катамарандарда серуендейтін болды. Каспий теңізінің жағалауын бойлай саяхаттайтын кемелер Ақтауда жасалған. Құрылыс материалдары Еуропа, Ресей мен Қытайдан жеткізілді. Су көлігі Маңғыстаудың ең танымал жазығының құрметіне – «Үстірт» деп аталады.
Екі палубалы катамаран Ақтауда тоғыз ай бойы құрылды. Оған жергілікті яхт-клуб мүшелері жұмыс істеді. Кемеге экипажды қоса есептегенде 50-ге жуық адам сияды. Катамаранның жылдамдығы сағатына 30 шақырымға дейін жетеді. Онда 25 аттың күші бар екі шусыз және үнемді қозғалтқыш орнатылған. [caption id="attachment_49624" align="alignnone" width="1200"]Катамарандардың бірінің капитаны Дарья Старостина: «Менің әкем-теңізші. Ол осында өсті. Мен де капитан болуға ұмтылдым. Капитан жұмысында ең қиыны – қате жібермеу, барлығын уақытында үлгеру. Теңізші жігіттер таңдалғанына қарамастан, кемені жүргізу маған бұйырды» – дейді ол.
Жазира Қуанышбекқызы