Есмағамбетова жеміс-жидек пен көкеністі немен жуу керек екенін айтты
Есмағамбетова жеміс-жидек пен көкеністі немен жуу керек екенін айтты
© сурет интернеттен алынды
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясының азық-түлік арқылы жұғу қаупі жайында айтты.
"Дәл қазір инфекцияны ауыз арқылы жұқтыруға қатысты нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, жаз болғасын ішек инфекциялары бар екенін ұмытпау қажет. Сондықтан жеке гигиенаны сақтап, жемісті де, көкөністі де сабынмен жуу керек", - деді Есмағамбетова онлайн брифингте.
Оның айтуынша, COVID-19 көбінесе ауа арқылы таралады. Алайда тауардың қаптамасында да инфекция болуы мүмкін. Әзірше, ондай жағдайлар тіркелмеген. Дегенмен, ғалымдар вирустың пластикте 72 сағат, ал қағаздың бетінде 24 сағатқа дейін сақталатынын жазып жүр. "Коронавирустың азық-түлік қаптамасы арқылы жұғуы екіталай. Соған қарамастан, сақтық шараларын сақтау қажет. Тауарды қаптамамен сатып алсаңыз, оны алып тастаңыз. Мысалы, жеміс пен көкөністі ыстық сумен жуған дұрыс. Себебі вирус жоғары температураға шыдамайды", - деп түсіндірді Есмағамбетова.