Коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды, - деп хабарлады coronavirus2020.kz. Павлодар облысы - 1957 жылы туған әйел, Нұр-Сұлтан қаласы - 1966 жылы туған ер адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 58 адам қайтыс болды.