«Тамақтану аутсорсингке тиесілі. Біз мұнымен айналысатын кәсіби компаниялардың қызметін сатып аламыз. Осы арқылы сарбаз өзіне тән емес функциялардан босатылды. Олар бұрынғыдай асханаға нарядқа бармайды, ыдыс-аяқ жумайды, көкөністерді іріктемейді. Күзде көкөніс пен жеміс жинамайды. Қазір бұл іспен жеке компаниялар айналысады. Сондай-ақ олардың шаруашылық орындары, қосалқы шаруалары мен дайындау қызметі бар», – деді Бақыт Жанұзақұлы журналистермен өткен кездесуде. Құрманбаевтың айтуынша, мұндай компанияларға қатаң талап қойылады. Олардың технологиялық мүмкіндігі мен кардрлық әлеуеті жоғары. «Бүгінде біз Қарулы Күштердегі азық-түлік қоржынының құнын арттыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Себебі азық-түлік қымбаттады. Жылына сарбаздарды тамақтандыруға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаймыз», – деп түсіндірді ол. Қорғаныс министрінің орынбасары қаржы жайын да, керек нәрсені де ашып айтты.
Айбике ЖАНАСЫЛ