Медицина қызметкерлері мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар да жүргізілуде. Қамалжан Надыров күзде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін дейді. Ол «Күз мезгіліне де дайындалып жатырмыз. Егер аурудың екінші толқыны болып қалса» деген пікірін жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасы да орындалып жатыр. Қамалжан Надыров: «Алдағы уақытта қаладағы барлық станционарда бас дәрігердің инфекциялық жағдайға жауап беретін орынбасар қызметі пайда болады. Бұл эпидемиологтардың мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді», – деді. Алматыда 2 882 адам коронавирус жұқтырған. 1 897 науқас дертінен айықты, 10 адам қайтыс болды.
Ж.НҰРЛАН