Бір адамның денсаулығына – 861 доллар
Бір адамның денсаулығына – 861 доллар
205
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында елорданың денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселесіне арналған жиын өтті. Басқосуды Integrity Astana мекемесі ұйымдастырды. Жалпы, соңғы 10 жылда ден­саулық сақтау саласында бір­қатар ауқымды реформалар жүр­гізілді. Медицинаны бір ор­талықтан қаржыландыру жұ­мысы кезең-кезеңімен жүргі­зі­ліп жатыр. Орталықтандыру сая­сатының артықшылығы бая­ғыда дәлелденген. Бұл әдіс халыққа қажет ақшаны тиімді пайдалануға септігін тигізеді. 2018 жылдан бері «Әлеумет­тік медициналық сақтандыру қорына» мол қаражат құйыла бастады. 2019 жылы қорға 1 трлн теңгеден астам ақша түссе, биыл Үкімет бұл соманы бірден 51 па­йызға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Әрине, қаржыландыру кө­лемінің жылдан-жылға артуы – құптарлық іс. Алайда Экономи­калық ынтымақтастық және да­му ұйымына кіретін мемлекет­термен салыстырғанда біздің көр­сеткіш көңіл көншіте қой­майды. Мәселен, бір адам­ның денсаулығына Қазақстанда орташа есеппен 861 доллар бө­лінсе, өсіп-өркендеген елдерде кісі басына 3 992 доллар бөлінеді екен. Дегенмен ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды. Жиынға қа­тысқан мамандар кейінгі ­жы­л­­­дары алға басу байқала­ты­нын атап өтті. Қазақстанда ең озық ха­лықаралық стандарттарға сай келетін ауруханалар салын­ған. Оның басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында бой көтерген. Денсаулық сақтау саласының тәуелсіз сарапшысы Марат Ма­маевтың пікірінше, елордалық медицинаның бір ерекшелігі, мұнда қазіргі заманғы респуб­ликалық емханалар мен ғылыми орталықтар көптеп шоғырлан­ған. Бұл жағдай өзге өңірлерден, оның ішінде солтүстік, орталық, батыс аймақтардан келетін нау­қастардың көбеюіне әкеп соғатын көрінеді. – Мұның бәрі бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арт­тыруды талап етеді. Бұған ин­фра­құрылымды дамытып, ме­ди­цина қызметкерлерінің білік­ті­лігін арттыру арқылы қол жет­кі­зуге болады. Бұл индикаторлар елорданың мемлекеттік бағдар­ламасында көрініс табуы керек және жай декларативті сипатпен ғана шектелмей, жақында қа­былданған 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту бағ­дарламасын ескеріп, Нұр-Сұл­тан қаласындағы медицина са­ласының бюджеттік жоспарына негіз болуы тиіс, – дейді Марат Мамаев. Арнайы баяндама жасаған Integrity Astana ұйымының директоры Жанат Нұрғалиев өз ойын нақты мәліметтермен дә­йектеп сөйледі. Мысалы, 2018 жы­лы Нұр-Сұлтан қаласында медициналық көмек көрсетуге 163,3 млрд теңге, ғимараттар са­лу, жабдықтар сатып алу се­кілді шығындарға 7,4 млрд тең­ге, медицина қызметкерлерін оқытуға 247 миллион теңге жұмсалған. Сарапшылардың пайым­да­уын­ша, медициналық мекеме­лер­ді салуға және күрделі жөн­деу­ге, дәрігерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға бөлінетін қаржыны өсірген дұрыс. Сонда ғана біртіндеп ЕЫДҰ елдерінің деңгейіне жетеміз. Мамандар бюджет қара­жа­тын тиімді пайдалану үшін ашық­тық пен есеп беру қағи­датын қалыптастыру керек деп санайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Азамат­тардың барлық сындарлы өті­ніш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру – бәрі­мізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалып­тас­тыруға болады. Сондықтан аза­маттық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу ке­рек. Сондай-ақ аса маңызды жалпы мемлекеттік міндетті ше­шу үшін талқылау жұмыс­та­рына азаматтық қоғамның мүм­кіндіктерін кеңінен қолдану қа­жет» деген еді. Келелі кеңесте айтылған сөздердің түйіні осы­ған саяды. Жиын соңында резолюцияға қол қойылды.    width=Еркебұлан НҰРЕКЕШ