«Алматы - Сеул» рейсінің кей жолаушыларына рейске отыруға рұқсат берілмеді, деп хабарлайды Air Astana әуе компаниясы. 8 маусымда «Алматы-Сеул» рейсінің 61 жолаушысын шекара қызметі рейске жібермеді. Жолаушылардың көпшілігі төлқұжат бақылауынан өте алмады.
«2020 жылдың 11 мамырындағы ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне сәйкес шетелге шығуға иммиграциялық визасы бар жолаушылар ғана рұқсат ала алады. Олар емделу мақсатында шығуы мүмкін. Сонымен қатар, F5 типіндегі сол жақта түпкілікті тұруға рұқсат беретін визасы барлар ғана шетелге шыға алады», - делінген хабарламада.61 жолаушы нақты осы типтегі визасы болмағандықтан шетелге шыға алмаған.