Ұлы мен қызын құтқарған әкенің өзі суға батып кетті
Ұлы мен қызын құтқарған әкенің өзі суға батып кетті
Отбасымен жабайы жағажайға келген 37 жастағы ер адам суға батып, көз жұмды. Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ефремка ауылының маңында болған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Рұқсат етілмеген жерде шомылып жүрген азаматтың ұлы мен қызын бір сәтте қатты ағыс алып кетіпті. Мұны көрген әкесі бірден көмекке ұмтылып, құтқарып қалған. Өкінішке қарай, өзі өзеннен шыға алмады. Құтқарушылар оны кеш батқанша іздеген. Іздеу шаралырының нәтижесінде, сүңгуірлер мәйітті жағадан 30 метр жерден тауып алыпты.
Күші таусылған ер адам екінші баласын құтқарып жатқанда, мен батып бара жатырмын деген айқайлаған дауысы ғана естілді. Бұл шомылуға тыйым салынған жер. Осы маңнан 300 метр жерде суға түсуге рұқсат етілген жағажай бар. Олардың неліктен тыйым салынған жерге барып шомылғаны белгісіз , - дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Нұрлан Атығаев.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=52&v=aRxdUYHHm30&feature=emb_logo