Болгария – Балқан аймағындағы Қазақстанның маңызды әріптесі екенін баса айтқан палата спикері екіжақты қарым-қатынастың барлық саласы бойынша елдеріміз арасында ынтымақтастықтың жолға қойылғанын атап өтті.
Парламентаралық өзара әрекеттестік тақырыбын тілге тиек еткен Нұрлан Нығматулин 23-24 қыркүйекте, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуропа мен Азия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесіне Болгарияның Ұлттық жиналысының төрағасы бастаған парламенттік делегациясының қатысуы «қазақ-болгар қарым-қатынастарының жоғары деңгейін паш етеріне» сенім білдірді.
Өз кезегінде Болгария елшісі Васил Петков Қазақстанды Орталық Азиядағы тұрақтандырушы фактор ретінде атады. Сонымен қатар дипломат екіжақты қарым-қатынастарды достық пен өзара тиімді серіктестік ауанында одан ары дамытудың зор әлеуетіне назар аудартты.
В.Петковтың айтуынша, Болгария ары қарай да Қазақстанның халықаралық бастамаларына қолдау көрсететін болады.