2019 жылы "Қазақстан аруы" атанған Мәдина Батық жуырда тұрмысқа шығатынын жариялады. Мұны ол өзінің Instagram парақшасында мәлім етті. Жігіті арудың туған күніне орай үйленуге ұсыныс жасапты. - Кеше мен керемет эмоцияның бәрін сезіндім. Бәрі мен армандағандай тамаша болды. Жақындарым мен инста-достарыма рақмет! Құттықтаулар мен тілектер айтып, менімен қуанышымды бөліскендеріңіз үшін, - деп жазды Мадина. 2019 жылы 2 мамырда павлодарлық Мәдина Батық "Қазақстан аруы - 2019" атағын жеңіп алған болдатын. Биыл ол 20 жасқа толды.
Мадияр Төлеу