Батыс Қазақстан облысында браконьерлер ұсталды
Батыс Қазақстан облысында браконьерлер ұсталды
©Сурет интернеттен алынды.
Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром" инспекторлары  280 дана киік мүйізін алып бара жатқан браконьерлерді ұстады. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында мәлімдеді. - Рейд кезінде "Охотзоопром" инспекторлары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Шапаев ауылы маңындағы "Атырау-Орал" тас жолында БҚО азаматының тізгіндеген ресейлік нөмері бар "SUZUKI" маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде киіктің 280 дана мүйізі табылып, тәркіленді", - деді Сәкен Ділдахмет. Аталған оқиға Ақжайық ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

                                         М.Хақназар