Ал егер 350 шақырымды ұшып өтемін десе, ол адам алдымен 30 еуро салық төлеуі тиіс. Осындай шараларды Австрия үкіметі әлі жалғастыруды жоспарлап отыр. Тіпті, арадағы үш сағаттық қысқа сапарларды тоқтатуы да мүмкін. Себебі, сол аралықты тез жеткізетін жылдам пойыздар шықса, ұшақтың қажеті де болмай қалады.